COVID-19

Трамп коронавирус жұқтырды

Дональд Трамп коронавирус жұқтырып, карантинге кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп пен әйелі Мелания Трамп коронавирус жұқтырды. Бұл жайында Америка президенті Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Мелания Трамп екеуміздің коронавирус инфекциясына тапсырған сынақ оң нәтиже көрсетті. Біз карантинге шығып, қалыпқа келе бастаймыз. Біз бұл кезеңнен бірге өтеміз!"- деп жазды Дональд Трамп.

Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстің коронавирус жұқтырғанын жазды. Кейін жары екеуінің сынақ нәтижесін күтіп отырғанын хабарлады.

Айта кетсек, 2020 жылдың 3 қарашасында АҚШ-та президент сайлауы өтеді. 78 жастағы Трампның басты қарсыласы АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден.

29 қыркүйекте Дональд Трамп пен Джо Байден алғашқы теледебат өткізген еді. Олар медицинадағы реформаны, коронавирус пандемиясын, жоғары соттың жаңа судьясын тағайындау, нәсілшілдік тақырыбын талқылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61