Қоғам

Бір жыл: Отандық мемқызметшілердің үстінен 3 мыңнан аса шағым түсті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге бір жылда үш мыңнан аса шағым түскен. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Агенттік ақпараты бойынша, шағымдар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты көп түседі.

Сонымен қатар өтініштерді қарау тәртібі мен бос мемлекеттік лауазымдарға байқау өткізу ережелерін бұзу бойынша шағымдар бар.

Тізімде қызметтік этика нормаларын бұзу жағдайлары да бар. Шенеуніктер дөрекі мінез-құлық көрсеткені үшін тәртіптік жазаға тартылады.

"Жоғарыда көрсетілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша, жасалған әрекеттің ауырлығына қарай мемлекеттік қызметшілерге - ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын қызметінен босату түріндегі жаза қолданылуы мүмкін", - деп хабарлады агенттіктегілер.

Былтыр қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге 6 931 шағым түскен.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде шенеунік Қаскелең тұрғындарымен дөрекі сөйлесіп, темекі тұқылын жерге лақтырған ролик тараған болатын. Кейін әкімдік қызметкеріне айыппұл салынып, оны жазалауға уәде берілген еді.

Сондай-ақ Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов алғашқы жұмыс күні Талдықорған тұрғындарын ашуландырған болатын. Жанжалдан кейін шенеунік қала тұрғындарынан кешірім сұрады.