Weekend

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді, соған сай күн суытады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"4 қазанда солтүстік-батыс, солтүстік аймақта, бесінші қазанда Қазақстанның орталығы мен шығысы циклон жырасының ықпалында болады. Бұл циклонның орталығы Таймыр түбегінің үстінде орналасқан. Ол арты қарға ұласатын жаңбыр әкеледі. Еліміздің қалған аумағы Баренц теңізі аудандарынан келетін кең антициклонның ықпалында болады", - деп хабарлады мамандар.

Республика бойынша ауа температурасы біртіндеп төмендеп, кей жерлерде тұман, жел күшейеді. Солтүстікте, орталықта және шығыста  көктайғақ болып, төмен бұрқасын болады.

Ал қазанның басында ауа райы жылы болады, 10 қазаннан кейін еліміздің барлық аумағында ауа температурасы төмендейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61