Шығыс Қазақстан облысы

Қарттарым - асыл қазынам

Қарты бар ел – қазыналы ел

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 қазан - Халықаралық қарттар күні.  Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. 

Қариясы бар ел - қазыналы ел демекші аталған мереке құрметіне орай 3477 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл күні әскери бөлімнің құрметті ардагерлерін құттықтап қайтты.

- Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеймін. 1 қазан күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің орны біз үшін әрдайым бөлек. Қадірменді ардагерлер! «Қарты бар ел – қазыналы ел» дегендей, Сіздер біздің қазынамыз болумен қатар, бағыт-бағдар беретін даналықтың сарқылмас бұлағысыздар, - деді 3477 әскери бөлімінің командирі полковник Рустам Хасанов.

Әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметшілері отставкадағы прапорщик Ольга Дьячкова, отставкадағы майор Иванов Николай, отставкадағы аға прапорщик Валерий Кряжев, отставкадағы аға прапорщик Виктор Малина, отставкадағы подполковник Иван Соколов сынды ардагерлердің үйіне барып, атаулы мерекемен шын жүректен құттықтап, өздерінің жылы тілектерін білдірді. 

Сонымен қатар асыл қазыналарға әскери бөлімнің атынан грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

3477 әскери бөлімінің бөлініс бастығы, қатардағы А.Кенесова