Шымкент
Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде COVID-19 және вирустық пневмонияның ықтимал өршуіне медициналық ұйымдардың дайындығын анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізіледі.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мәлімдеді.
Сондай-ақ Шыңғыс Жұмабекұлы «112» құтқару қызметінің жұмысымен де танысты.
Оқу жаттығу жұмыстары нақты уақыт режимінде өтеді. Оқу-жаттығудың мақсаты – қаланың барлық медициналық ұйымдарын коронавирустық инфекциямен күреске барынша дайындығын пысықтау.
Іс-шараға инфекциялық және провизорлық стационарлармен қатар меншік нысанына қарамастан барлық БСМК (бастапқы медициналық санитарлық көмек) ұйымдары қатысады. Оқу-жаттығу жұмыстары 36 БМСК ұйымы, 9 диагностикалық орталық, 7 ПТР зертханасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында науқастың шақыртуының «103» пультіне түскен сәтінен бастап, тиісті белгілері болған жағдайда стациорнарға жатқызуға дейінгі бағытының бастан аяқ алгоритіміне баса назар аударылды.
Оқу-жаттығу кезінде жедел медициналық көмек шақыртуының 4 санаты бойынша медициналық персоналдың іс-қимыл алгоритмдері пысықталады.
Сондай-ақ медициналық персоналға шартты науқастардың жай-күйінің ауырлығын анықтау, коронавирустық инфекция кезінде сақтану шаралары бойынша бағалау жүргізіліп, медициналық персоналды қорғаудың барлық шараларын сақтай отырып, провизорлық стационарға тасымалдану жолдары пысықталады.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында емханалардың мобильді бригадаларының іс-әрекеттері және қажет болған жағдайда пациентті компьютерлік томографияны тексеруге жіберу, ПТР талдауды алу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Мұндай оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізілмек.