Шымкент

Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.

Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.

Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубтары жұмыс істейді.

Кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылау барысында Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан: “Елімізде тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқанда ғана, болашаққа үмітпен қарауға, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар.

Біз кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге бірлікте, татулықта, өзара сыйластықта ғана еңсере аламыз», – деді.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жаңғырту мәселелері де қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш. Мұқан олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы