Саясат

Өскеменнің атауы өзгере ме?

ШҚО-ның әкімі мәлімдеме жасады

 

 

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ақ жол" партиясының семейлік филиалының белсенділері облыс әкімінің атына хат жазып, қаланың атауын өзгерту туралы мәселе көтерді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Өскеменнің атауын өзгертуге қатысты мәлімдеме жасады. Ол қауесетті сейілту үшін шұғыл брифинг өткізді.  

"Ешкім Өскеменнің атын өзгертуді қарастырып жатқан жоқ. Нақты жауап бердім деп ойлаймын", — деп YK-news.kz өңірлік басылымы Ахметовтың сөзінен үзінді келтірді.

Бұдан бұрын "Ақ жол" партиясының Семей қаласындағы филиалының өкілдері Өскеменнің атауын өзгертуді сұрап, Даниал Ахметовтың атына хат жазғаны хабарланған болатын. Белсенділердің пікірінше, қала Қабанбай батыр деп аталуы тиіс.