Шымкент
Мониторингтік топ
Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша карантин талаптарын сақтамағандарға 450 хаттама толтырылған. Еліміздің үшінші мегаполисінде коронавирустың алдын алу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.
Яғни, арнайы құрылған мониторингтік топтың тарапынан кәсіптік нысандарда сақтық шаралары күн сайын тексерілуде. Нәтижесінде, Абай ауданы бойынша түрлі деңгейдегі 450 хаттама толтырылған.
Аталған хаттама бойынша 2 миллионға жуық айыппұл салынған. Оның 45%-ы бюджет есебіне өндірілген. Ал қалғандары сотқа өткізілген.
Абай ауданында 426 дүкен мен 152 қоғамдық тамақтану және 13 ірі сауда орны бар. Алдағы уақытта бұл 13 сауда орынның сатушылары төлем картаға өтеді.
Айта кету керек , аталған ауданда арнайы төрт мобильдік топ жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, Абай ауданы аумағында дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
Ескертетін жайт, егер санитарлық нормаларды сақталынбай, карантин заңдылықтары бұзылса, онда 30 АЕК айыппұл салынады. Одан бөлек, тағы да хаттама сот ісіне де өтеді. Сондықтан да тәртіп пен талапты сақтаған абзал.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы