Көзқарас
Басты құндылық
Адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі – уақыт. Оны тиімді пайдалану – бүгінгі күнінің жетістігі десем артық айтқаным емес.
Абыр-сабырмен өтіп жатқанын да мына дүниеде уақыттың қалай өтіп кетіп жатқаның байқамай да қаласың. Уақытымыздың көбін жалқаулық деген басты жауымызға бой алдырып, құр босқа өткізіп жіберетініміз рас.
Егер сіз жан-жақты дамығыныз келсе, ең алдымен, өз уақытыңызды тиімді іске жұмсаған жөн. Сол себепті бүгін мен сізге уақытты қалай тиімді пайдалану керек жайында біраз кеңестермен бөліссем деймін.
Ең бірінші - ұйқы режиміңізді түзеп алған дұрыс.Кеш бата ерте жатып,таңертен ерте оянғаңыз күніздің жақсы әрі уақытылы өтуіне пайдасын тигізеді. Ең бастысы, таңертен оянғанда аман-есен көзінізді ашқанызға Аллаға шүкір ете біліңіз және кешке жатарда ертеңге киер киіміңізді басқада керек заттарыңызды дайындап қоюды ұмытпаңыз.
Мұның өзі сәл болсын уақытыңызды үнемдеп қалады. «Таңғы аста береке бар» демекші екінші кезең таңғы асты ұмытпай ішу. Тамақты уақытылы іше білуде уақытты тиімді өткізуге жатады және денсалығынызда жақсартады. Келесі, шаруаңызды барынша айтқан уақтыңызда орындай біліңіз.
Бұл сіздің әр іске жауаппен қарайтын адам екеніңізді білдіреді. Тек жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өз басыңызға да арнап уақыт бөлген дұрыс. Оған сіздің толықтай хақыңыз бар. Бірақ өзіңізге бөлген уақытты да тиімді пайдалаңыз. Мысалы түрлі кітаптар оқыңыз. Кітап зейініңізді ашады.
Спортпен міндетті түрде айналысыңыз. Тым болмаса тауға шығып,әсем табиғат аясында серуендеңіз. Достарыңызбен кездесіп сырларыңызбен,жаңалықтарыңызбен бөліскенде жөн. Ал демалыс күндерін отбасынызға көңіл бөлумен өткізіңіз.Себебі жұмыс күндері шаршаңқы жүріп уақыттынды отбасына толықтай бөле алмайсың.
Отбасылық мәселелердің бірәзі да осыдан басталады.Шын мәнінде, уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Сол себепті әр секунд,минутымызды тиімді іске жұмсай білсек, бұл жалған өмірді босқа өткізбегендігіміздің кепілі.