Weekend

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді

Отандық әншінің бейнебаяны шетелдік арнада жарық көрді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны MTV-де көрсетілді. Отындық әнші үздік бестіктің қатарына қосылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін Димаш Құдайбергенді MTV USA эфирінде көрсететіні айтылған еді. MTV-де қазақ тілінде бейнебаянын көрсеткен алғашқы қазақстандық әртіс - Димаш Құдайберген.

Видео MTV USA арнасында, сонымен қатар MTV-дің YouTube-тегі ресми арнасында жарияланды.

"Бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне мұны жасауға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің Dears-терімнің тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауы арқасында менің бала күнгі бір арманым орындалы. Мен өте қуаныштымын, сіздерге деген ризашылығым шексіз", - деді Димаш.

Еліміздегі АҚШ елшілігі әншіні MTV арнасындағы дебютімен құттықтады.