Шымкент
Аудан аумағында дизенфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізді
Еліміздің үшінші мегаполисінде короновирус инфекциясына қарсы залалсыздандыру жұмыстарына сарбаздар атсалысты.
Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы әкімдігі тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында аудан аумағында дизенфекциялау жұмысын тұрақты түрде жүргізді.
Аудан аумағында орналасқан тұрғындар көп шоғырланатын 780-ге жуық коммерциялық нысандардың іргелес аумақтары және ірі сауда орындары (Фиркан мен Магнум, Грамад пен Эврика) мен базарлардың (Айна және Көктем мен Исатай) аумақтарын дезинфекциялау (гипохлорид ерітіндісі) жұмыстары да кестеге сай орындалды.
Аталған сауда орындары мен базарлар, орталықтарда санитарлық талаптардың сақталуына бұл жұмыстар да үлкен септігін тигізді.
Залалсыздандыру жұмысына №35748 әскери бөлімнің 120 сарбазы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Олар Еңбекші ауданы аумағындағы 515 көше мен 435 аула және 465 жертөле мен 2250 кіреберістерді залалсыздандырды.
Әлемдік пандемияға байланысты Шымкент қаласы аумағындағы карантиндік шектеулер мен санитарлық эпидемиологиялық талаптардың сақталуына аса мән берілуі осылайша қадағалануда.