Шымкент

Шымкент: Короновирусты анықтау барысында зертханалық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

Науқастардың 87%-ында ауру жеңіл өтуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында короновирус инфекциясын анықтау барысында зертханалық жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінде Шымкент қаласының медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясына күдікті жандарға зертханалық жұмыстар жүргізіп, оларды оқшаулауға алып жатыр.

Одан бөлек, өзге аурумен стационарлық емге жолданған науқастарға скрингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл таңдаулы эпидемиологиялық қадағалаудан төтенше жағдайға тартылған мамандар да өтіп жатыр.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 87%-ында ауру жеңіл түрде өтуде.

Яғни науқастарда қызуы көтерілмей, жөтелмей-ақ, індеттің инфекциясы анықталып жатыр. Сол себепті халық арасында әртүрлі сөздер таралуда. Бірақ мұндай сөздерге еріп, өкінішті жағдайға ұшырап қалмауымыз керек.

Ол үшін санитарлық нормаларды жадымыздан шығармай, сақтанып жүруіміз қажет. Өзіңіздің жеке басыңызды ғана емес, отбасы мүшелері мен туған-туыс, дос-бауырыңыздың денсаулығы мен амандығын ойласаңыз короновирус инфекциясының алдын алу сақтық шараларына қатаң сақтаңыз. Өз саулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екендігін ұмытпаңыз.