Шымкент
Қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды
Шымкент қаласында короновирус инфекциясының алдын алу шараларына салғырттықпен қараған кәсіпкерлерге ескерту берілді.
Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұрсәт» шағынауданындағы сауда және қызмет көрсету нысандарына кезекті мониторинг жүргізілді.
Тексеру барысында нысандарда маскалық режимнің сақталуы, санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелермен жабдықталуы, сондай ақ келушілер арасындағы арақашықтықтың сақталуы, қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.
Сондай-ақ мамандар бұл аталған нысандарға келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Карантиндік режимге сай санитарлық және эпидемиологиялық талаптарын ішінара сақтамаған бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалды.
Жалпы Қаратау ауданда 50 адамнан жоғары қызмет көрсететін — 101 қоғамдық тамақтану орны және 45 мейрамхана бар.
Бұдан бөлек, аудан аумағында 162 сауда орны қадағалауға алынған. Бүгінге дейін бұл нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылмаған.