Шымкент
ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды
Шымкент қаласына короновирус инфекциясын нақты әрі жылдам анықтайтын аппарат әкелінді.
Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн. теңге бөлінген.
Ауруханаға түскен науқастардан коронавирус инфекциясы бойынша жаңа қондырғы арқылы зертханалық сынама алынып, ПЦР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланады.
ПЦР зертханасында тәулігіне 3 дәрігер-зертханашы мен 2 зертханашы жұмыс істейді. Медицина мамандары күн сайын 150-200 шамасында талдау жасайды.
Айта кету керек, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілді.
Шымкент қаласындағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қалада қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды: Диагностикалық орталықта және жұқпалы аурулар ауруханасы базасында, сонымен бірге ЖИТС орталығында жұмыс істеп жатыр.
Осындай іс-шара, бастамалардың нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді. Миллион тұрғыны бар Шымкент қаласы үшін бұл игі іс.