Weekend
Әлемде ядролық соғыс қаупі шарықтау шегіне жетті
Ақырзаман Сағаты – ядролық жарылыс деңгейін көрсетеді. Көрсеткіш өткен жылғыдай 23:58 уақытында қалған. Бұл туралы жоба авторлары «Атом ғалымдары бюллетені» (The Bulletin of the Atomic Scientists) хабарлады.
Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл жағдайды тұрақтылық емес, ескерту ретінде қабылдау керек. Әлем назарын аударатын жағдайға ядролық қарудың дамуы және климаттың өзгеруі себеп болып отыр.
Соңғы рет «ақырзаман нүктесіне» 2 минут қалған кезі 1953 жылы КСРО сутек бомбасына сынақ өткізгенде және қырғи-қабақ соғысының шиеленіскен сәтінде болған.
1947 жылы алғашқы ядролық қару құраған америкалық ғалымдар тобы «Атом ғалымдары бюллетені» ұйымын құрып, әлемге ақырзаманның дабылын қағып, «қиямет» белгісі «Ақырзаман Сағатын» көрсетті.
«Ақырзаман Сағаты» орнатылғалы бері бұл меженің шкаласы 23 рет өзгертілген. 1991 жылы қырғи-қабақ соғысы біткенен соң, «ақырзаман нүктесінен» 17 минутқа дейін алыстаған.