Шымкент
Шектеу шаралары
Шымкентте карантин 22 маусымға ұзартылды. Шектеу шаралары аяқталғанға дейін азаматтар қоғамдық көліктерде, рұқсат етілген нысандарда маскамен жүруге, медициналық қолғап киюге, антисептик қолдануға міндетті.
Сонымен қатар:
Қоғамдық көліктерде артық жолаушылар тасымалданбауы тиіс.
Қаладағы барлық базарлардың жұмыс уақыты 06.00-ден сағат 19.00-ге шектеледі.
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілді.
Кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтіледі.
Сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар,балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға рұқсат жоқ.
Адамдардың көптеп шоғырлануына жол берілмейді.
Қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, компаниялар мен кеңселердің 30 қызметкерден көп болғанда, қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне өткізіледі.
Шомылу, демалыс орындарына адамдардың шоғырланбауына жол бермеу мақсатында шаралар қабылданады.
Жеке үйлерде, алаңдарда, аулаларда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Жұмысын қайта бастаған нысандар карантиндік және санитарлық-эпидемиялық талаптарды орындауға міндетті. Егер бұзылған жағдайда әкімшілік шараларға тартылады.