Шымкент
Ақпараттық-насихаттау жұмыстары
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев 2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бұл ретте басқарма басшысы еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты жол картасында қарастырылған кейбір іс-шараларды ұйымдастырып өткізу мүмкіндігі болмай жатқанын атап өтті. Сол себепті волонтерлық жұмыстар төтенше жағдай кезеңіндегі шаралармен ұласқан.
Тоқталып өтсек, ақпараттық-насихаттау жұмыстары мен қайырымдылық шаралары жүргізілген. Яғни, індеттің таралуын алдын алу мақсатында әлеуметтік 8 бейнероликтер және 20 түрлі электронды флаерлер дайындалып, әлеуметтік желілерге салынған. Ал қайырымдылық барысында 7 245 аз қамтамасыз етілген отбасыға азық-түлік, 333 отбасыға дәрі-дәрмек және 1 миллионнан астам бетперде мен антисептик таратылған.
Осы орайда жастардың карантин уақытында пайдалы кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Үйде бірге оқимыз» челленджі басталып, 3 кітап оқу талабы қойылған.
Бір айға жалғасқан бұл челленджде 3000 жас 9000 кітап оқып, арнайы жеңімпаздар анықталған. Аталған жалғастыру үрдісінің пайдасын Жандос Қалтаев: «Кітапты 21 күн оқыса, әдетке айналады» деп, дәйекті мысалмен келтірді.
Одан бөлек, Ж.Төлембекұлы атқарылып жатқан жұмыстары мен жоспарлары жөнінде де сөз қозғап өтті. Ал брифинг соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы