Шымкент

Жастарды баспанамен қамту

Үшінші мегополис

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастарды баспанамен қамту – қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында баспана кезегінде 11 мың жас тұр. 2018 жылы 180, 2019 жылдың басынан 150 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар тұрғын үймен қамтылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жастар жылының салтанатты ашылуында еліміздің мегаполис қалаларынан жыл сайын пәтер пайдалануға беру тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы республикалық бюджеттен 6,4 млрд. теңге қаржы қаралып, 904 пәтерді пайдалануға берілді. 2020 жылы да Шымкент жастарына 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарлануда.

Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасы аясында студент жастарды жатақханамен қамту мақсатында 2019 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Қаржы орталығы» акционерік қоғамымен бірлесіп, 350 және 200 орындық жатақхана құрылысын пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қолданыстағы ғимаратты 450 орындық жатақхана етіп қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізіп, пайдалануға берілді.

2022 жылдың соңына дейін 8000 орындық жатақхана пайдалануға берілетін болады.