Түркістан облысы
1 млн турист келді
2018 жылы Түркістан облыс орталығы болып бекітілгеннен кейін,ірі өзгерістер орын алды.Бар болғаны екі жылдың ішінде қала адам танымастай өзгерді.Осыдан тура бір ай бұрын барғанымда,өзім де куәгер болып келдім.
Қазіргі таңда Түркістан қайнаған құрылыс пен қарқынды дамудың көрінісі болып тұр.Қала бұрыннан туристер көп келетін жер еді,алдағы уақытта туристердің қатары тіптен арта түспек.
Жалпы Түркістанда құрылыс екі бағытта жүргізілуде. Біріншісі, іскерлік нысандар,қазірдің өзінде 1400 гектар аумақта 89 нысан салынуда. Ал екінші бағыт рухани орталықтар, 98 гектарды қамтуда.
Көне шаҺарды қайта түлетумен қатар,әлеуметтік ахуалға да ерекше екпін берілуде.Халықтың тұрмысын тіктеп,сапалы өмір сүруіне ерекше жұмыстар жасалыну үстінде.Мысалы, «Түркістан арена», бұл заманауи стандартқа сай озық ареналардың бірі.Аренада футболшылар ойнайтын көк шөп Голландиядан әкелініп егілген,болашақта UEFA келісімін алса,стадионда халықаралық деңгейдегі ойындарды өткізуге болады.
Жалпы былтырдың өзінде киелі шаһарға 1миллионнан астам турист келген,бұл өткен жылға қарағанда екі есеге көп.Ауқымды істердің желісі бастапқы кезеңнің өзінде осылайша нәтиже бере бастады.
Тарихтың терең қатпарында қалып қойған көне қала,дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.Шежірелі шаһарда қарқынды құрылыс жүріп жатыр.Қазірдің өзінде Түркістан-Түркі әлемінің рухани астанасына айналып жатқанын аңғартса керек.