COVID-19
Алматының бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды
Құжаттың толық мәтіні Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланған. Қаулы 6 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Қаулыға сәйкес, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілері: автожуу, жеңіл көліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары, шиномонтаждау учаскелері, тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу т.б. сағат 10.00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істей алады.