Hi-Tech

Тақтайша компьютердің тарихын білесіз бе?

Apple iPad

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Технология мен түрлі құрылғылардың қарыштап дамуы бүгінгі таңда ешкімнің таңданысын тудырмайтын жаңалық. Қазіргі қоғамда көретініміз еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін көз алмай қарайтұғын оң жағы «тістелген» алмасы бар смартфондар мен планшеттер. Жыл өткен сайын көлемі мен атқаратын функциялары ерекшеленген танымал брендті қолданушылар саны артуда. Бүгін сіздермен бөлісетін ақпаратымыз да дәл осы алма сауда маркасымен танымал Apple iPad тақтайша компьтерлері жайында болмақ.

Тарихы әкесінің гаражынан басталған Apрle-1 компьютері Стив Джобсты өмірінің соңына дейін жететін мол байлыққа кенелтерін өнертапқыш сол арада білді ме екен әйтеуір сол жылдан бастап, әлем ойламаған жаңалық жасаудан шаршамады. Қажымас еңбектің нәтижесінде, 2010 жылдың 27 қаңтарында Сан-Франциско қаласында әйгілі миллиардер iPad интернет-планшетінің алғашқы нұсқасының тұсаукесерін жасады. Apple компаниясы шығарған тақтайша компьютердің 1,2,3,4 деген түрлері бар. Алғашқы iPad планшетінің салмағы 680 грамм ғана. Салмағына қарамастан, бағасы қалта көтермейтін планшеттер көпшілік қауымның сұранысын еш төмендетпеді. Керісінше, жаңа мүмкіндіктермен, қолайлы тақтайша компьютерді қолданушылар мен сатып алушылар көбейе берді.

 

Көпшіліктің көңілінен шығып, бағасына қарамастан кең көлемде қолданылған Apple iPad өнімінің ерекшеліктеріне тоқталып өтсем.

iPad –Wi-Fi+3G модельдерінде A-GPS режимінде жұмыс істей алады. Сонымен қатар, қарапайым SIM-карталар орнына Micro-SIM карта пішімі пайдаланылды. iPad-1 планшетінде бір кемшілік камерасының болмауы еді. Дегенмен, ғалым қалғанiPad планшеттері үшін бұл кемшілікті жойды.

Технологиялық қарыштап даму адамзат қоғамын жаңа жетістіктер мен белестерге жетелейтіні бүгінгі күннің дәлелдеуді қажетсінбейтін шындығына айналып отыр. Бірақ, адамзат мүддесі үшін жасалған технологияларды тек игілік пен даму жолында пайдаланғанға не жетсін?!