COVID-19
Бір күнде COVID-19 инфекциясы мен пневмониядан бес адам көз жұмды
Өткен тәулікте 3 адам коронавирустан, ал 2 адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды.
Бір тәулікте 59 адамда COVID-19 диагнозы расталды, 37 қазақстандық пневмонияға шалдықты.
Жалпы 13 наурыздан бері республикада 108 236 адам коронавирус жұқтырды, 1746 пациент көз жұмды.
Ал 1 тамыздан бері 33 608 адам пневмониямен ауырса, 360 науқас қайтыс болды.
Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирустық инфекциядан 3 213 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 73 бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.