Экономика

Шымкент әуежайы сатылымға шықты

Шымкенттегі әуежай сатылымға шығарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент әуежайы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай мәлімет электронды сауда алаңының сайтында пайда болды. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге сомасында белгіленген.

Байқау шарты бойынша жеңімпазға кем дегенде алты миллиард теңге инвестиция салып, қарызды өтеу қажет болады. Объектінің инфрақұрылымын азаматтық авиация саласындағы қазіргі заманғы стандарттарға келтіру қажет екені айтылады. Жолаушылар терминалын қайта құру, арнайы техника мен жабдықтарды жаңарту және жаңғырту. Сайтта басқа да бірқатар шарт бар.

Сауда-саттық 2020 жылдың 8 қазанына жоспарланған. Қазіргі уақытта қатысуға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр.