Түркістандық 23 жастағы келіншек 6 баланың анасы болды - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек алты баланы дүниеге әкелді

Түркістан облысы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкеліп, бірден алты баланың анасы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еркінай Есенбаева тұңғышын 18 жасында туған, одан кейін тағы екі баланы дүниеге әкелді. Ал жуырда жас ана №1облыстық перинаталды орталықта үшем босанды.

Сәбилер жүктіліктің сегізінші айында дүниеге келген. Келіншектің денсаулығы сыр бергеннен кейін, дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырған.

Қазір ананың да, екі ұл мен бір қыздың да жағдайы жақсы, дәрігерлердің арнайы күтімінде.

0 Пікір Кіру