Weekend

ҰБТ-ға дайындық жолдары

Дайындық кезінде орындалуы керек басты әдістер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық бірыңғай тест – әр оқушы үшін үлкен өмірге жасалатын биік қадам жолындағы қиын, әрі күрделі болып көрінетін, оңай сынақ. Өз болашағын ойлайтын оқушы, бүгіннен бастап, тіпті кешеден бастап бұл сынақтан мүдірмей өту үшін өз дайындығына қамдана кірісіп кетті. Ал, жалқаулығы, білімге деген құлшынысын желкесінен басып, еріншектігі, қабат-қабат қаптаманың үстінен өз мінберін тапқан баланың болашағының жарқын, келешегінің кемелді боларына күмән басымырақ. Тіпті,ол баладан күтетін үміт те аз болары сөзсіз. Ата-анаңыздың сізден күттері көп,"балам биікке шықты,сенімімізді ақтады" деп барған жерінде мақтанып жүргенін қаласаңыз,ісіңізбен дәлелдеуге тырысыңыз. Ол үшін мен жазған ұсыныстарды мүдірмей орындауға тырысыңыз.

 

1. Өзіңізге нық мақсаттар мен армандар картасын құрыңыз. Әр аялдамаға жетуіңіз керек жетістік жолдарын белгілеп өтіңіз. Бұл сізге ең бірінші ерік-жігер беретін жол болып табылады.

2. Тым білімді, білікті достарыңыздың, сыныптастарыңыздың маңында ұзақ уақыт өткізуге тырысыңыз. Олардан білмегеніңізді сұрап, білгеніңізбен бөлісіңіз.

3. Жүрегіңізді қорқыныштардан, 70-80 баллдан, еріншектіктен, жалқаулықтан күнделікті бойыңызға жындай жабысатын лас энергиялардан тазартыңыз.

4. Бір тәулікте 24 сағат болса, соның 12 сағатын әр пәнге дайындыққа жұмсаңыз. Басым уақытты 40 баллдық шкаламен өлшенетін профильді пәнге арнағаныңыз өзіңізге ұтымды. ҰБТ-да 2 профильді пәннен 80 балл жинаған күннің өзінде, қалған үш пәннен жинаған баллдық шкалаңызды қосқанда,120-дан жоғары балл жинауыңызға болады. Бұл ең ұтымды әдіс.

5. Мотивациялық тренингтерге қатысыңыз,психологтармен тығыз қарым-қатынаста болыңыз.Бойыңыздағы сенімділік клеткаларын оятуға әлде қайда жақсы көмектеседі.

6. Әлбетте еңбек етіңіз, сонда ғана еңбегіңіздың жемісін көресіз.

Осы тәсілдер арқылы ҰБТ-ға дайындалсаңыз, сіз жоғары баллды өз еншіңізге іліндіріп, қоржыныңызды арманыңыздағы баллмен майландырасыз. Қазақтың бас ақыны дана Абай атамыз өзінің 4-қара сөзінде былай деген еді: "Еңбегіңді сау, еңбек етсең, қара жерде құр қалдырмайды". Әлбетте 1% бойыңыздағы талантыңыз бен сәттілігіңіз 99% еңбексіз ешқандай жемісін бермейді. 

Дайындықты бүгіннен баста, жас талапкер.