Шымкент
Конституция күні мерекесі қарсаңында қаладағы медицина ұйымындағы қызметкерлер мерекелік медалімен марапатталды.
Еңбегімен дараланған ақ халатты абзал жандарға ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конститутциясына 25 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Қаладағы емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін 34 қызметкерге мерекелік төс бөлгі берілді.
Айта кетейік, эпидемия өршіген тұста қаладағы емдеу мекемелерінің басым бөлігінде провизорлық стационар ашылып, халыққа медициналық көмек көрсетті. Бүгінде қала бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққан 5171 науқас тіркелген. Оның ішінде 4463 науқасы дертінен айығып шықты.