Шымкент
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ескі қалашық» – Цитадельде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Цитадельді қайта жаңғырту бойынша тапсырмасына сәйкес мұнда қызу жұмыстар жүруде.
Қазіргі таңда нысандағы әрлеу жұмыстары – 80 %-ға, абаттандыру –30 %-ға, археологиялық жұмыстар – 60 %-ға аяқталып қалған.
Ескі қалашықтың батыс бөлігінде (подпорные стены), оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бекініс қабырғаларын қалпына келтіру, сондай-ақ, пандуспен кіру жолдары аяқталған. Цитадель төбешігінде жаяу жүргіншілер жолының, айванның, хауздың ғылыми-реставрациялық жұмыстары аяқталып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмысшы топ 8 бағытта музейлендіру жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарып жатыр. Олар ескі қалашықта табылған экспонаттарды музейге қоятын жәдігерлерді бөлу үстінде.