Әлем жаңалықтары

Қырғызстан халқы "Ақ үйді" басып алып, Атамбаевты босатты

Атамбаев босатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бішкекте митингіге шыққандар елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратынан босатты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, кеше Ала-Тоо алаңында оппозицияның наразылық акциясы өтті. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысымен келіспейтіндер жиналды. Олар "Ақ үйге" кірмек болғанда, халық пен милиция арасында қақтығыс басталды. Митингіге шыққандар түнде президент аппараты мен "Жогорку Кенеш" парламенті отыратын "Ақ үйге" кірді. Кадрден ғимарат терезесінен лақтырылып жатқан қағаздарды көруге болады.

Кейін наразылыққа шыққандардың бір бөлігі Алмазбек Атамбаевты босату үшін мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне аттанды.

Босатылған Атамбаев пен тағы бір саясаткерді Ала-Тоо алаңына жеткізді.

Бұдан соң президент ғимараты өртке оранды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков әкімшілігі ол түнгі 02.00-ге дейін "Ақ үйде" болып, митингіге шыққандармен келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Жээнбеков Бішкекте екені хабарланды.

Сондай-ақ 24.kg колониядан Қырғызстанның экс-премьері Сапар Исаков босатылғанын жеткізді. Ол ақша жымқырды деген айыппен ұзақ жыл түрмеде отыруы тиіс болатын.

Атамбаев не үшін сотталды

Алмазбек Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысы бар деп айыпталған болатын. Көрші елдің экс-президенті 2020 жылдың маусым айында 11 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Атамбаевты 2019 жылдың 8 тамызында өз резиденциясында күшпен ұстады.

Атамбаев 2011 жылдың 1 желтоқсанынан 2017 жылдың 24 қарашасына дейін Қырғызстанды басқарды.