Білім және ғылым
Онлайн оқытуда мұғалімдердің білімі сын көтере ме?
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері қашықтан білім беру жүйесіне көштік. Алайда мұның бәрі ұстаздарға қиындық тудырып біраз әуре-сарсаңға түсті. Мемлекет әлі де бұл үрдісті толық меңгермеген.
Тіпті кей жерлерде интернет өте әлсіз болды. Ұстаздармен қоса ата-ана, оқушы әуре-сарсаңға түсті десе де болады.
Осындай қиын-қыстау кезеңде "Ұстаз тілегі" орталығы республика бойынша барлық мұғалімдердің басын жиып 50 мыңнан аса ұстазды тегін оқытты. Бұл курста сабақты тиімді өткізу, әртүрлі әдіс-тәсілдер, қашықтан оқытудың технологиялары түсіндірілді.
Курс аяқталғанда ұстаздар сертификатқа ие болып, онлайн жүйенің барлық қыр-сырын меңгеріп шықты.
Бұл тек бір мысал ғана. Әлі де елімізде онлайн оқыту жүйесінде қиындық көріп отырған ұстаздар қаншама? Қашықтан оқыту барысында әлі де үйренеріміз бен үйретеріміз әлі де көп.