Weekend

Поэзияның тұғыры

Өлең ғұмыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әдебиеттің тереңінде бойлаған,

Ақындар ғой өлеңімен ой салған.

Мұқағали пір тұтатын ақыным,

Өлеңінен бойға қуат жинағам.

Оқығанда Мұқағали өлеңін,

Бұл өмірдің қатқыл сынын көремін.

Әр сөзінің астарында бір сыр бар,

Неткен ғажап қайталанбас жыр едің.

Мұқағали шыншылдықтың бастауы,

Бүгінгінің сізге еліктер жастары.

Поэзия егіз еді өзіңмен,

Шабытыңның айқара ашық аспаны.

Әр өлеңі ол ақынның өмірі,

Кейде көктем,кейде мұңды көңілі.

Бір өзіңді іздеп табар адамдар,

Жоғалғанда дүниеден сенімі.

Болашақтың ашу үшін есігін,

Бір өзіңнен іздеп келем шешуін.

Мәңгі бақи жүрегімде сақтаймын,

Дара ақынның қасиетті есімін.