Weekend

Қазақ қызы Miss Asia Internet 2020 байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық Miss Asia Internet 2020 конкурсында жеңімпаз атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отандық ару Зарина Зағидуллина Miss Asia Internet 2020 сұлулық байқауында дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Newsroom+Ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Miss Asia Internet – онлайн форматында өтетін өте танымал сұлулық конкурсы. Зарина жеңіске жеткені үшін лента мен тәжден басқа Miss World Internet 2020 конкурсына қатысу үшін ақшалай сертификат алады. Сонымен қатар ол World Beauty мұқабасына шығуға мүмкіндік алады.

Зарина бұл конкурс туралы кездейсоқ біліп, қатысуға бел буған. Қазіргі таңда ол Қазақстанның Сыртқы сауда палатасында жұмыс істейді.