Weekend

Жетістікке бастаған сәтсіздіктер

Сәл жолыңыз болмаса бастаған істен бас тартатындар қатарындасыз ба? Есіңізді жиып, еңсеңізді көтеріңіз. Өйткені, сәтсіздік серуені ұлы адамдарды да айналып өткен жоқ. Бүгін назарларыңызға жетістікке қиын жолмен жеткен жандар топтамасын ұсынғым келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жолы болмай жетістікке жеткен жандардың жарқын мысалы Черчилль деуге болады. 

1. 62 жыл бойы британ үкіметінің премьер-министрі болған Уинстон Черчилльдің бала кезінде  жетінші сыныпқа ауыса алмай қалғаны былай тұрсын, ол ұзақ жылдар бойы өзі армандаған саяси мінберден көріне алмады. 
2. Томас Эдисонның мұғалімдері оның қабылдау қабілетіне күмәнданып, бірдеңе үйретуден бас тартқан. Жұмысқа орналасу үшін 1000 электр шамын жасаудан тайынбаған өнертапқыш тарихта қалды. 
3. Харланд Дэвид Сандерстің  рецептімен дайындалған тауық қанатшаларын сатудан    1000-нан астам мейрамхана бас тартады. Есесіне аспаздың суреті қазір KFC брендінің бейнесіне айналды. 
4. Columbia Pictures-тен өнер жолын бастаған Мерелин Монроны продюсерлер тым дарынсыз әрі көріксіз деп мойындамайды. Қажыры қайтпаған жас ару басты рөлді алу үшін талаптануын доғармаған. 
5. Альберт Эйнштейннің ғылыми жетістіктеріне қарап тілі төрт жасында шығып,  жазуды кеш үйренген дегенге сену қиын. Дейтұрғанмен,  оның ұстаздары баланы ақыл есі кемге санап, ерекше ойлау қабілетін ескермеген. Бұл оқиға ғалымның физика саласында Нобель сыйлығын иемденуіне кедергі бола алған жоқ. 
6. 350 млн тиражбен шыққан 49 романның авторы Стивен Кинг алғашқы туындысы "Кэрриден" көңілі қалып қоқысқа тастай салғанын кім білген? Бағына орай, бұл жазбаны жазушының әйелі тауып алып,  жаңа романдардың жазылуына түрткі болды. 
Тарихта бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Егер сіз бір олжадан қағылсаңыз, бұл оған лайық емес екеніңізді емес, одан да жақсысы бұйырады дегенді білдірсе керек!