Шымкент

Шымкентке туризм индустриясы комитетінің төрағасы іссапармен келді

Шымкент қаласына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков келді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сапар барысында ол шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті.

Ең алдымен қаланың орталығындағы Қошқар ата өзеніне, кейіннен Ордабасы алаңына және Цитадель қалашығы мен Тәуелсіздік саябағына ат басын бұрды.

Онда туристік нысандарды дамыту бойынша бірнеше ұсыныстарын айтып, туризм басқармасының жаңа жобаларымен танысты. Сондай-ақ, ескі қалашыққа арнайы тоқталып, ондағы археолог-тарихшылармен, жоба үйлестірушілерімен кездесті.

–Шымкент – туристер үшін өте қызық, әрі әсем қала. Мұнда жанға жайлылық пен ерекше жылылық бар. Цитадель – Шымкент қаласындағы ең тарихи, әрі туристік нысан болады. Жобаның аяқталғандағы келбеті мен шаһардың сол кездегі тарихын тамашалауға бәріміз асықпыз. Мұнда Қазақстанды тануға құштар тарихшылар мен туристерді де тартатын боламыз. Сол себепті атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығы мен маңыздылығын абыроймен атқаратындарыңызға сенемін, – деді Д.Рыспеков.

Бұдан соң Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховпен және қаладағы туристік нысан өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Онда карантиндегі туристік орталықтардың жұмыс қарқындылығы мен жеңілдетілген карантиндік режимдегі талаптарды сөз етіп, алдағы уақыттағы жұмыс алгоритмін талқылады.
Одан өзге, отбасылық қолөнершілер Б.Бейсбековтер шаңырағында болып, қазақтың дәстүрлі бұйымдары мен туристерге ұсынылатын түрлі жабдықтармен танысты.