Шымкент

Шымкент: Сенаторлар медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбаров, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласына іссапары барысында медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алдымен “Асар” шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығында болып, ауруханада ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайын сұрап, госпитальде жұмыс істейтін медицина мамандарымен тілдесті.

Айта кетейік, аталған жұқпалы аурулар орталығында коронавирус және пневмония дертінің ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алады. Бүгінде мұнда барлығы 224 қызметкер жұмыс істейді. Оның 33-і жоғары білікті медицина маманы. Індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген орталық дәрігерлері күні-түні аянбай еңбек етуде. Орталық 200 орынға лайықталған. Қазір жұқпалы аурулар госпиталінде 70 науқас ем алып жатыр.

Сондай-ақ Сенаторлар жаңадан ашылған Халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының «Call» орталығының ашылуына қатысты.

Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Біріктірілген жүйе арқылы операторлар 10 секунд ішінде шақыртуды бригадаға бағыттайды. Бұған қоса шақырту жүрген мамандардың жұмысын бақылау үшін барлық 100 жедел жәрдем көлігіндегі қызметкерге 100 жаңа планшет берілген.

Одан кейін №2 қалалық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстармен танысты. Аурухана ғимараты 1975 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Биыл жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, мердігер компания «Югстройсервис-Н» жалпы сомасы 3 566 080,0 мың теңгеге электрондық келісім шарт түзілген. Күрделі жөндеуден кейін қосымша аурухана базасынан инсульт орталығы мен нейрожарақат бөлімшесі ашылады деп жоспарлануда.