Қоғам

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған ер адам изоляторда өлі табылды

Сәтбаевты дүрліктірген оқиға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды қаласында тергеу изоляторында Сәтбаевта бес жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем ер адамның өлімін тіркеді.

"Өлімнің алдын ала себебі – суицид. Денесінде қандай да бір жарақат байқалған жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Оқиға орнына Қарағанды полиция басқармасының жедел тергеу тобы келді.

Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеріс бастады.

Сәтбаевты дүрліктірген оқиға

Ауыр қылмыс Сәтбаев қаласында 23 шілдеде жасалды. Қалалық полиция бөліміне ер адам бес жасар қызының жоғалып кеткенін айтып жүгінген. Іздеу жұмыстарына жүздеген ерікті мен жергілікті полиция бөлімінің жеке құрамы тартылды. Бүлдіршін түнде көпқабатты үйдегі пәтерден табылды. Қызды зорлады деп айыпталған ер адам да сол жерде ұсталды.

Бүлдіршіннің жоғалып кеткені туралы хабар тараған бойда қалада тәртіпсіздіктер басталды.

Қала тұрғындары күдікті тұратын үйдің маңына жиналып, оны өздері жазаламақ болған. Ашулы топ барлық пәтердің есігін қағып, тұрғындардың зәресін ұшырған.

Халық толқуын басу үшін қалаға Ұлттық ұлан күштері тартылды. Содан кейін жиналғандар күдіктіні беруді талап етіп, қалалық әкімдікке қарай бет алды.

Қала билігі бала анасының қасында екенін мәлімдеді және тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырды.

Таңға қарай қалада жағдай тұрақталды.