Шымкент
Абай ауданы әкімдігі тарапынан құрылған мобильдік топтың аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға карантиндік талаптарды қатаң сақтауы бойынша мониторинг жасап, кәсіпкерлік нысан иелеріне карантин талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарда міндетті түрде бетперденің, кіре берістерде дизенфекциялық өткелдің, антисептиктердің және дене қызуын өлшейтін аппараттардың болуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында «Авто-Нұр» базарының әкімшілігіне карантиндік талаптарды орындамағаны үшін Абай аудандық көрсетілетін қызметтер мен тауарлар сапасын бақылау басқармасы тарапынан хаттама толтырылып, әкімшілік шара қолданылды.