Шымкент

Шымкент: Медициналық препараттарды заңсыз саудалаған 11 дерек анықталды

Бұл жөнінде Шымкент қалалық Прокуратура өкілдері мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы полиция, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменттері және прокуратура қызметкерлері қатарынан мобильдік топ құрып, дәрілік препараттарды заңсыз алып сату, жоғары бағада өткізу деректеріне шара қолдануда.

Мобильдік топтың тексеруі барысында азаматтардың медициналық препараттарды заңсыз сатуының 11 дерегі және дәріханалардың дәрілік заттарды заңсыз өткізуінің 7 дерегі анықталды.

Оның ішінде 14 дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік) тіркеліп, тергеп тексеру жүргізілуде.

Жалпы сомасы 16,5 млн теңге болатын 22 мыңнан астам дәрілік препараттар айналымнан шығарылды.
Барлық кінәлі тұлғаларға қатысты заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданылуда.

Бүгін қала прокурорының төрағалығында дәрілік препараттарды заңсыз өткізу мәселелеріне қатысты мәжіліс өткізіліп, мобильдік топтың жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.