Шымкент
Соңғы 7 күнде Үкімет тарапынан бөлінген екі ұшақпен және бес жүк көлігімен Индиядан, Ресей мен Украина елінен қажетті дәрілер қаламызға жеткізілді.
Олар ең алдымен қаладағы медициналық ұйымдарға, сосын дәріханаларға таратылатын болады.
Сонымен қатар, Қазақстанды оның ішінде Шымкент қаласын қажетті дәрімен қамтамасыз етуде «Химфарм» дәрі-дәрмек зауытын ерекше атап өткен жөн. Бүгінде мұнда инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар, қатты пероральді дәрілік заттар (таблеткалар, саше, ампулалар), антибиотик ұнтақтары шығарылады.