Шымкент
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды.
Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады.
Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем жөнінде сөз қозғаса, Ш.Оспанова жедел жәрдем қызметі бойынша ахуал қалыпқа түскенін және өзекті мәселе жоқ екенін жеткізді. Осы ретте Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мамандарға бір күнде 30 мың шақырту қабылдай алатын диспетчерлік орталықтың ашылуын тездетуді тапсырды. Сондай-ақ штаб отырысында бүгінде 323 ИВЛ (өкпені механикалық желдету аппараты) аппараты алдағы уақытта 475-ке жеткізу жоспарланып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар қала аумағында барлық 24 ауруханаларда бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі айтылды. Осыған орай қазіргі таңда Шымкент қаласында кислород өндіретін 5 мекемемен келісімшартқа тұрып, кислородты баллондар барлық ауруханаларға тұрақты түрде жеткізілуде екен.
Өз кезегінде қала әкімі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту барысында халыққа қажетті дүниелерді іске асыру барысын тездету керектігін қадап айтты.
– Екі күндеп шешім шығаратын уақыт жоқ. Жұмысты шұғыл түрде нақты бір жүйеге қоюуымыз керек. Ал ақпараттарды уақытылы жеткізуіміз керек. Бұл жүйе реттеліп, ендігі кезекте қала тұрғындары «Сovid-19 Шымкент» сайты арқылы бүгінгі жағдайға байланысты мәліметтерді толық алып отырады, – деді М.Дүйсенбекұлы. Оған қоса, қала әкімі тиісті мамандарға мемлекеттік күндізгі стационарларға бекітілген арнайы ереже таратылуын тапсырды. «Яғни, науқастар емнің тегін екенін білуі керек. Егер медицина қызметкері ем үшін дәрі-дәрмек сұраса, «109» нөміріне хабарласып, құқықтарын қорғауға мүмкіндіктері бар», – деді өз сөзінде қала әкімі.