Шымкент
Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды, дейді мамандар.
Оны ақ халаттылар бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасап, шақалақтың өміріне келген қауіптің алдын алды. Ота 3 сағатқа созылды және сәтті өтті дейді мамандар. Жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасаған дәрігерлер – Абдықадыров Мұхтар және Тансық Орынбасарұлы.
Айта кетейік, қалалық клиникалық балалар ауруханасында 5 төсек-орынға лайықталған нейрохирургиялық бөлімше биылғы ақпан айында ашылған болатын. Жыл басынан бері мұнда неврологиялық жүйесінің туа бітті ақауымен дүниеге келген 5 нәрестеге сәтті ота жасалып, барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған. Уақытты кейінге шегермей дер кезінде жасалған ота көп қиындықтың алдын алады. Ота сәтті жасалса, тез сауығып кетеді.