Шымкент

Шымкент: Шетелден тəжірибе алмасу үшін медициналық мамандар келеді

Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі орындар санын да көбейтіп, бүгінде 141 жан сақтау орны бар. Олар №2 қалалық аурухана, Асар мөлтек ауданындағы 200 төсек-орындық инфекциялық аурухана жəне қалалық кордиологиялық орталықтардың базасында орналастырылған. Бұл бағытта реаниматолог мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда бүгінге дейін жедел жәрдем қызметін шақыртушылар саны 2 есеге өскен еді. Қазіргі таңда жағдай қалыпқа келе бастады. Ал дәрі-дәрмек бойынша Ресей, Украина, Түркия, Өзбекстан т.б. елдердің компаниялармен келісімшарт жасалынып, дәрі-дәрмектер әкелінуде. Сонымен қатар келесі аптада Ресейден тәжірибе алмасу үшін әрі көмек беру үшін 5 маман, Түркия елінен 10 маман келеді деп күтілуде, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, қалада дəрілердің бағасын тұрақтандыру үшін құрылған 4 мониторингтік топ бүгінге дейін 50 заң бұзушылық фактісін анықтап, оларға тиісті әкімшілік шаралар көрсеткен. Одан бөлек, дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну ескертілген.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы