Шымкент
Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана мəселесін көтерген болатын.
Қала әкімі М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген.
Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, салымшылар қуанышқа кенелді.
Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің 50%-ы жергілікті атқарушы органда тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген банк салымшыларына (көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылары т.б.) берілу жоспарланған.
Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес бұл тұрғын үйлердің пәтерлері балдық жүйеде 73 банк салымшыларына бөлініп, иелеріне пәтер кілттері тапсырылды.