Шымкент
Шымкент қаласындағы дәріханалық ұйымдарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық сатудың алдын алу, емдеу курсына бір қолға берілетін дәрі-дәрмектердің санын шектеу, рецептілер бойынша емдеу курсына рецептуралық дәрі-дәрмектерді сату бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде қаладағы барлығы 136 дәріхана бойынша 61 дәрілік заттар атауына мониторинг жүргізілді, оның ішінде: 24 атауынан ыстыққа түсіретін преператтар, 13 атауынан вирусқа қарсы препараттар, 20 атауынан антибиотиктер, 4 атауынан С витаминінің (таблеткалар мен инъекцияларда).
Мониторинг барысында Шымкент қаласының дәріханаларында шекті бөлшек бағаны көтеру фактілері анықталған жоқ, алайда, ҚР ДСМ 15.07.2019 ж. № КР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген дәріханаларда шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қала дәріханаларында «Цефазолин», «Цеф 3», «Ацикловир», «Аскорбин қышқылы», сияқты дәрілік заттардың тапшылығы байқалады. Алайда осы препараттардың басқа сауда атауларымен аналогтары бар. Осыған байланысты, дәріханаларда дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда, халыққа дәрілік заттардың аналогтарын басқа сауда атауларымен сатып алу бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, Департамент қаладағы дәріханаларда және дәріханалық қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Сонымен қатар Шымкент қаласы аумағында карантиндік режим талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жүргізілді.
Мамандар, 96 кәсіпкерлік нысанды тексерістен өткізді. Барлығына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын сақтауды ескертті.