Шымкент
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен брифингте қала тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту, дәрілердің бағасын бағамдау және өкпені механикалық желдету аппараты жайында сөз қозғады.
– Бүгінге дейін қалада 26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылды.
Яғни, бізде 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекеме және 560 дәріхана жұмыс атқарады. Бір айлық дәрі-дәрмек қоры – дене қызуын төмендететін – 115 843 препарат, вирусқа қарсы – 136 352 препарат, антибиотиктер – 133 040 қорап және «С» дәрумендері 44 253 қорапты құрап отыр. Ал дәрілердің бағасын бақылау және алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында 4 мониторингтік топ құрылды. Қазіргі таңда бұл мониторингтік топтың жұмысы күшейтілген. ИВЛ (өкпені механикалық желдету аппараты) жайлы айтсам, бүгінде бізде 323 ИВЛ аппараты бар. Оның ішінде портативті аппарат – 130, «Бобров» тыныс алу аппараты – 250, ал монитор – 10. Осы орайда қоса кетейін, емдік жұмыстарын күшейту мақсатында қалада 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда», – деді М.Әйтенов.
Брифинг соңында Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына 5 шілде күні енгізілген қатаң шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, санитарлық нормаларды ұстануға шақырды.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы