Bugin
Көп уақыт пен шығын жоғалтпай күтім жасау әдісі
Шынайы өмірде орын алып жатқан әр жағдай қыздарға тікелей байланысты.Көптеген жеткіншек қыздар жасөспірім шағында өзіне деген сенімділігін жоғалтып алады,сол себепті де олар өздерінің нақты қалауларына жете қоймайды. Қазіргі таңда жас қыз-келіншектерге арналған көптеген түрлі өмірлік пайдалы кеңестер жеткілікті. Ал,оларға көз салып қана қоймай, іске асырып, өмірлік тәжірибеге айналдыру сізге тікелей байланысты.
Иә,әрине сіздің жеке өміріңізде дәл қазір қандай ситуациялық жағдаяттар орын алып жатқандығын білмегендіктен,нақты былай істе немесе жоқ,бұның дұрыс емес деп дөп басып ештеңе айта алмаймыз,әлбетте тым қиын жағдайда сіз үшін ақылшы да,кеңесші де тек өзіңіз ғана.Бір істің басын ашып алу үшін өзгелер "не дейді","не айтады" деген ойдан өзіңізді аулақ ұстаңыз.Тек ішкі түйсігіңізге құлақ асып,ең дұрыс деген шешімді қабылдауға тырысыңыз.Өткеніңызде кеткен қателіктер болашағыңызға кері әсерін тигізбеуін де қадағалағаныңыз жөн болады.Қабылдап қойған шешіміңіз туралы ешқашан екі қайтара ойлаудың қажеті жоқ.Шешімді қабылдамай тұрып,үш рет өлшеп,бір рет кесіп,келтесін шығарып алыңыз.Ал,өтіп кеткеннен кейін,ол туралы ойлап,жүйке жүйеңізге салмақ түсіріп,ойыңызды жамандықтармен улап алмаңыз.
Көп шығын шығармай өзіңізге қалай күтім көрсетуге болады?
Бұл сұраққа келетін болсақ,жауабы тым қарапайым.Кез-келген әйел заты өз-өзіне күтім жасау үшін көп уақыт пен көп шығын жаратудың қажеті жоқ.Бәрін тым қарапайымынан бастау керек және күтім деп өз өміріңізді қиындатып жіберу артық дүние.Бар болғаны күніңіздің 10-15 минутын өзіңізге арнасаңыз,аз да болса,жан дүниеңізді еркін сезінесіз.Сыртқы келбетті әсемдеу үшін ешқандайда жасанды косметикалық өнімдер мен табиғи емес бетке және теріге арналған сықпа майларды қолданудың қажеті жоқ.Әрқашан есіңізде ұстаңыз:шынайы сұлулықтың биік шыңы-табиғи сұлулық.
Қыз баланың сұлулығында негізінен шаш пен тері басты рөл атқарады.Сондықтанда кез-келген қыз баласы өз сұлулығын шынайы түрде сақтау үшін табиғи өнімдерді жаратқаны жөн.Күтімді бәрінен бұрын бет терісінен бастаған дұрыс.Беттің тазалығы терінің жеңілдеуіне әсер етеді.Шашты күнделікті жиі тарау,шаштың өсу қарқынын жиілетеді.Және де бастағы қан айналымына да көмектеседі.Табиғи шашыңыздың ұзындығына тиіспеуге тырысыңыз,түрлі түстерге бояп,күйдіруден аулақ болыңыз.Ең абзалы артық қыламын деп,тыртық қылып алмаңыз.
Қыздарға берілетін тағы да бір кеңес,гардеробпен тығыз байланысты.Әрине,әркімде әртүрлі киімдер болады.Біреу де аз,ал біреуде тым көп.Киім аз болса да,гардеробтың әрдайым жинақы түрде,әрі таза болып тұруы әсте маңызды.Сонымен қатар ешқашан сән қуып,әдемілікті іздеудің қажеті жоқ.Бар болғаны өзіңізге ыңғайлы,жарасымды стильде киінсеңіз болғаны.Ол сіздің сән әлеміңіз болуы шарт.
Атақты сән әлемінің патшайымы Коко Шанель былай деген болатын:"Әйел адамның ең сұрықсыз жері,ол оның-тізесі".Оның үстіне қазақта да киелі сөз бар емес пе,"есі бар қыздың етегі ұзын болады"деген,етегіңізді қымтап,өзіше жарасымды киім киіп жүрсеңіз.Бұл сіздің әдемілігіңіз болары сөзсіз.