Қоғам

Экономист пікір білдірді: Елімізде зейнет жасы төмендей ме?

Экономист Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі депутат Айқын Қоңыровтың Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, жақын арада бұл туралы айту мүмкін емес.

"Зейнеткерлерді жұмыс істейтін адамдар асырап жатыр. Мұның басқа асқа жолы жоқ. Зейнеткерлерге лайық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін бір зейнеткерге кемінде үш қызметкер болуы керек", - дейді экономист Арман Бейсембаев.

Оның айтуынша, депутат Қоңыровтың зейнет жасын төмендету туралы ұсынысы сайлау алдындағы популистік әрекеті.

"Шу шығару керек, бір нәрсе айту керек. Халыққа ұнау керек, одан басқа ештеңе жоқ", - деді Бейсембаев депутаттың сөзіне пікір білдіре отырып.

Еске салайық, мұның алдында Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Қазіргі пандемияда зейнеткерлерге оқшаулану үшін барлық жағдайды жасау керек деген болатын депутаттар.