Адасқаның
Бар ма екен айыбы?
Бірден кімге тура жолы табылды?
Мейлі, мені мүсіркеңдер, сөгіңдер,
Жоғалтпауға тырасымын барымды.
Дөңгеленген дүниенің дүрмегі,
Дөңгелетіп нені тағы біл деді?
Мен күтетін бір бақыттың өзі де
Адасқандар мекенінде жүр ме еді?
Қаншама іздер,
Қанша тағдыр қиысқан,
Жолығысып,
Талай жандар табысқан.
Біреу ұтып, біреу қалып жатады,
Мәрісіне жетуге көп жарысқан.
Үміт күтем ертеңімнен, бүгіннен,
Адасқандар тобырында берілмен.
Мың мұңымды бүркеп жалғыз бақытым,
Қол бұлғайды жарық жұлдыз көгімнен.
Тәңір берген несібеме жоқ нала,
Адастым деп отырғам жоқ ақтала.
Адасқандар мекенінің тұрғыны,
Алдыға жүр, алдыға жүр тоқтама!