Әлем жаңалықтары

Жээнбеков Қырғызстан президенті қызметінен кету шарттарын айтты

Тиісті қаулы шықса қызметтен кетуге даярмын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі саяси дағдарысқа байланысты халыққа тағы үндеу жасады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жээнбеков Қырғызстандағы саяси жағдай қатты қиындағандықтан, оны реттеу үшін қадам жасауға дайын екенін атап өтті.

"Жаңа парламент сайлауы өтуі керек. Бұл бойынша ОСК шешім шығарады. Бұл шаралар қазіргі саяси қысымды әлсіретеді", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Жаңа министрлер кабинетін және оның мүшелерін тағайындауды заңдастыру үшін Жогорку Кенеш пен президенттің жарлығы керек. Сооронбай Жээнбеков оған қол қоюға дайын.

"Парламентерийлер міндетін атқаруы үшін құқық қорғау органдары Жогорку Кенеш депутаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек", - деді президент.

Сондай-ақ, ол қазір болып жатқан кадрлық өзгерістерді заңдастыруға дайын екенін айтты.

"Мен үшін кез келген лауазым мемлекеттің тұтастығынан, халықтың бірлігінен және қоғамның тыныштығынан қымбат емес. Біз қазіргі жағдайда тез құқықтық жүйені реттеп алуымыз керек. Барлық саяси күшті елде тыныштық сақтауға, халықты бөлмеуге және қоғамды бұзбауға шақырамын", - деді ол.

"Биліктің атқару органдары басшыларын заңдастыру және елді заң жолына қою расталған соң мен Қырғыз Республикасы президенті қызметінен кетуге дайынмын", - деп түйіндеді Сооронбай Жээнбеков.

Еске салайық, кеше, 8 қазанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің жаңа спикері Мықтыбек Абдылдаевпен импичмент мәселесін талқылағаны хабарланды.

Қырғызстандағы тәртіпсіздіктер 5 қазанда басталды. Мыңдаған адам парламенттік сайлау нәтижелеріне наразылық білдіріп митингіге шықты. Осылайша 6 қазанда ОСК сайлау нәтижесінің күшін жоюға мәжбүр болды.