Weekend

Маман әлеуметтік желіде қандай суретті мүлдем бөлісуге болмайтынын айтты

Әлеуметтік желіде қандай суретті мүлдем бөлісуге болмайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алаяқтар әлеуметтік желідегі суреттің арқасында арам ойын жүзеге асыруы мүмкін. Сондықтан үй немесе кеңсе терезесінен түсірілген фотоны әлеуметтік желіге жүктеуге болмайды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"Кейбір әлеуметтік желі сурет туралы мәліметті жоймайды. Телефон иесі орналасқан жері жайлы мәліметті өшірмей, сурет түсірсе, фотоның қайда жасалғаны туралы мәлімет сақталып қалады. Қандай телефонға түсірілгеніне қарамастан, әр суреттің EXIF ақпараты болады", - деп жазады "Прайм" ақпараттық технологиялар университетінің маманына сілтеме жасап.

Егер қолданушы геомәліметті сөндірмей, әлеуметтік желіде жеке жазбада сурет жіберген болса да, фотоның қайда түсірілгені оңай анықталады (мысалы, мекенжай, көше). Бұл алаяқтардың адамды аңди бастауы үшін жеткілікті мағлұмат.

"Сондай-ақ желі қолданушылары демалысқа баратынын жариялап, мақтанады. Билеттің фотосын бөліседі, жаңа төлқұжаты мен банк картасын көрсететіндер де жоқ емес. Кейбір адамдар бұл ақпаратты пайдаланып, арам ойын жүзеге асыруы әбден мүмкін", - деді сарапшы.