Саясат

Қазақстанда қандай мамандықтарға жұмысшы тапшы екендігі анықталды

Қазақстанның еңбек нарығында ресми тіркелген бос жұмыс орындары қандай мамандықтарға тиесілі және олардың саны қанша?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018 жылының қыркүйегіндегі хабарландыруы бойынша, жұмысқа ең көп жұмысшылар тапшы мамандықтар тізімі анықталды.

Қазіргі таңда елімізде қос дипломдары бола тұра жұмыс таппай жүрген адамдар жетерлік. Ондай жағдай әртүрлі себептерге байланысты туындайды. Солардың басында мамандық таңдау мәселесі тұр. Ең алдымен, мамандық таңдарда оның өзіңізге ұнауына ғана қарамай, оның еңбек нарығындағы орнына, болашағына да қараған абзал.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма-ларының айтуы бойынша, өткен жылдармен салыстырғанда қазір жұмыссыздық деңгейі артқан. Негізінен жұмыссыздық деңгейі ауылдық аймақтарда жоғары.

Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша, тапшы мамандықтар қатарын, 20522 бос жұмыс орны тіркелген қосалқы жұмысшы бастап тұр. Одан кейінгі бос орындар көп тіркелген мамандықтар тізіміне, күзетші 3953, медбике 3683, санитар 2531, автокөлік жүргізушісі 2322, ғимаратты жинаушы 2273, тәрбиеші көмекшісі 2135, жүк тасушы 1864, өндірістік және қызметтік ғимараттарды жинап, тазалаушы 1733, жалпы тәжірбиедегі дәрігер 1677 және басқа да мамандықтар енген.

Жұмыс іздеу бойынша, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан жөн. Ондағы мамандар сізге қалаған мамандығыңыз бойынша жұмыс ұсынып, көмектесуге тырысады.